АҚШ президенті Дональд Трамп егер Ресей 50 күн ішінде Украинамен келісімге келмесе, Мәскеуге қарсы қатаң баж енгізетінін ескертті. Ол атысты тоқтатуды ғана ма, әлде біржола бейбітшілік орнатуды талап етіп отыр ма, онысын ашып айтпады. Сарапшылар Мәскеу оның талабына көнетіндігіне күмән келтіреді.